Без Категории

АҚШ пен Түркия күштері Сирияда бірге шолғынға шықты

АҚШ және Түркия қарулы күштері жексенбі, 8 қыркүйекте Сирияның Евфрат өзенінен шығыс аймағындағы аудандарында алғаш рет бірлесіп шолғынға шықты.

АҚШ пен Түркия күштері Сирияда бірге шолғынға шықты

Түркиялық Anadolu агенттігі бұл аудандарда "қауіпсіздік аймағы" құрылатыны туралы хабарлады.

Түркия қорғаныс министрлігінің мәліметінше, құрлықтағы бірлескен операцияға түріктің Акчакал ауданынан Сирияға барған алты беренді техникасы қатысқан. Операцияға байланысты жоспарымен алмасқаннан кейін екі елдің әскерилері Сирияның солтүстігіндегі Телль-Абьяд қаласына бет алған. Түркиямен шекараға қайта оралған кезде шолғын тобына әуеде тікұшақтар мен әскери дрондар ілесіп ұшып жүрген. Шолғын операциясы үш сағатқа жуық уақытқа созылған.

АҚШ пен Түркия тамыздың басында Сирияның солтүстігінде "қауіпсіздік аймағын" құру туралы келісім жасасқан.

AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз