Без Категории

АҚШ-та бір күнде коронавирустан 1500-ге жуық адам көз жұмды

АҚШ-та бір күнде коронавирустан 1480 адам көз жұмды. Бұл эпидемия басталған уақыттан бергі ең жоғары көрсеткіш.

АҚШ-та бір күнде коронавирустан 1500-ге жуық адам көз жұмды

Елде вирустан барлығы 7406 адам көз жұмған. Бұл бүкіл әлемде коронавирустан қайтыс болғандардың сегізден бір бөлігін құрайды.

Індеттен Нью-Йорк штаты көбірек зардап шеккен. Мұнда COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 2001 жылы 11 қыркүйек күнгі террористік шабуылдан қаза болғандардың санымен пара-пар.

Нью-Йорк мэрі жақын арада індеттің жайылуы "шарықтау шегіне" жететінін айтып, қалаға қосымша медициналық қызметкерлер, жабдықтар қажет болатынын айтты. Ол федералдық үкіметті АҚШ қарулы күштерін жасақтауға шақырды.

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз