Без Категории

Ақтөбеде із-түзсіз жоғалған оқушының денесі табылды

Ақтөбе облысында із-түзсіз жоғалған мектеп оқушысының денесі ауылдан төрт шақырым жерден табылды.

Ақтөбеде із-түзсіз жоғалған оқушының денесі табылды

Бұл туралы Азаттыққа Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицияның мәліметінше, кәмелет жасқа толмаған Анатолий Лебедевті іздеушілер оның денесін 3 қаңтар күні тапқан.

"Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Алдын-ала сараптама қортындысына қарағанда, оқушы үсіп өлген" деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.

2020 жылғы 1 қаңтар күні таңғы 4:30 шамасында танысының үйінен шығып кеткен оқушы сол күйі үйіне оралмаған.

— Сол күні ауылда бет қаратпас боран болды. Үйден шыға алмай отырдық. Анатолий боранмен бірге ығып кетсе керек. Қарапайым отбасынан шыққан, тәртіпті бала еді. Сүйегін әлі сараптамадан әкелген жоқ, — дейді Қарақұдық мектебінің мұғалімі Ботагөз Сармурзина.

Алға ауданы Қарақұдық ауылындағы мектептің 11 сынып оқушысы Анатолий Лебедевті жақындары, ауылдастары, полиция мен еріктілер – жалпы саны 50-ден астам адам екі тәулік бойы іздеген. Полицияның баспасөз қызметі бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тағы бірнеше сараптама тағайындалғанын айтады.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз