Без Категории

Ақын Аманхан Әлімұлы өмірден озды

Ақын, әдебиет сыншысы, журналист Аманхан Әлімұлы 68 жасында кенеттен қайтыс болды.

Ақын Аманхан Әлімұлы өмірден озды

Бұл ақпаратты Facebook әлеуметтік желісінде туыстарының хабарымен әріптестері жариялады.

Аманхан Әлімұлы 1952 жылы Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қожатоғай ауылында дүниеге келген. Қазақ ұлттық университетін (1980), М.Горький атындағы бүкілодақтық Әдебиет институтының жоғарғы курсын (1993) бітірген. Республикалық басылымдарда қызмет істеген. 2012-2020 жылдар аралығында "Ақиқат" журналының бас редакторы қызметін атқарған. 2020 жылдың қаңтарынан "Айқиқат" журналының шолушысы.

Ол қазақ әдеби сын жанрының дамуына үлес қосты. Қазақ журналистикасында әдеби, танымдық және саяси — әлеуметтік тақырыптар бойынша танылды.

«Кездесу», «Жанымның жапырағы» (1989), «Ай нұры алақанымда» (1996) жыр жинақтарының авторы.

AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз