Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:00, 25 Қараша 2021

Ара тасымалдайтын арбадан 20 келі есірткі табылды

None
None

Түркістан облысының тұрғыны ара ұяларын тасымалдауға арналған арбаға 20 келі марихуананы жасырған.

Түркістан облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтау мен тасымалдаған күдікті ер адамды ұстады. Бұл туралы бүгін брифингте облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Құрманбек Сахов мәлімдеді.

«Бізге Сайрам ауданында белгісіз біреу есірткіні сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түсті. Аталған жайтты Қылмыстық Кодекстің 296-бабы 4-бөлігі (есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркедік. Сондай-ақ күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-тергеу тобын құрдық. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде басқарма қызметкерлері күдіктіні, яғни Сайрам ауданының тұрғынын қолға түсірді. Ұсталған ер азаматтың үйі мен ауласын тінту кезінде есірткі заты бар 1 қап пен полиэтилен пакетін таптық. Белгілі болғандай, ер адам есірткіні ара ұяларын тасымалдауға арналған арбада сақтаған. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 20 келіге жуық марихуана болып шықты. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бүгінде облысқа есірткі заттарын жеткізу арналары анықталуда», — деді полиция подполковнигі Құрманбек Сахов.

Жыл басынан бері облыс полицейлері заңсыз айналымнан 5 тоннадан астам есірткі заттарын тәркілеп, 55 есірткі сатушыны ұстады. Сондай-ақ ірі көлемде есірткіні сақтаудың 25 жайтын анықтаған.

Тегтер: