Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:19, 29 Сәуір 2024

Армения мен Әзірбайжанның бейбітшілік келіссөзі Алматыда өтеді

с
Фото: из открытых источников

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен жексенбі күні телефон арқылы сөйлесті.Әңгіме америкалық тараптың бастамасымен өтті, деп хабарлады Әзірбайжан президентінің баспасөз қызметі.

Блинкен Армения мен Әзірбайжан арасындағы шекараны делимитациялауды бастау туралы келісімдерді құптады. Мемлекеттік хатшы Америка Құрама Штаттары Армения мен Әзірбайжан арасындағы бейбітшілік күн тәртібі мен қарым-қатынастарды қалыпқа келтіруге қолдау көрсетуге дайын екенін баса айтты.

«Президент Әлиев өз кезегінде шекараны делимитациялау жөніндегі келісімдер екіжақты диалог пен өзара түсіністік негізінде жасалғанын атап өтті. Мемлекет басшысы шекараны делимитациялаудан кейін Әзірбайжан мен Армения шекараны демаркациялау үдерісін бастағанын маңызды қадам деп санайды. Ол Қазақстанның ұсынысы негізінде бейбітшілік келісімі бойынша келіссөздерді жалғастыру мақсатында жақын арада Алматыда Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері кездесу өткізетінін атап өтті», - делінген ақпаратта.

Әңгімелесу барысында Блинкен АҚШ-тың Әзірбайжанмен энергетика, көлік, COP29 және басқа да салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға мүдделілігін білдірді. Алиев өз кезегінде Әзірбайжанның Америка Құрама Штаттарымен екіжақты байланыстарды дамытуға мүдделі екенін айтты.

Фото: Владимир Смирнов/POOL/ТАСС