Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:02, 05 Қыркүйек 2024

Асқар Ақаев экс-президент мәртебесін қайтаруды сұрап хат жазды

к
Фото: ҚазҰУ сайты

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев Қырғыз Жогорку Кенешке экс-президент мәртебесін қалпына келтіруді сұрап хат жолдады. Бұл ақпаратты парламенттің баспасөз қызметі растады.

Бұған дейін "Азаттық"  5 қыркүйекте депутат Чолпон Сұлтанбековаға сілтеме жасап, Асқар Ақаевтан хат келгенін хабарлаған болатын.

«Мәселе күн тәртібіне бірден енгізілмейді. Алдымен фракциялармен, олардың жетекшілерімен, депутаттармен келіссөздер жүргізіледі. Осыдан кейін бұл мәселе күн тәртібіне қашан енетінін хабарлаймыз», - деді депутат.

Еске салайық, Асқар Ақаев елді 1990-2005 жылдары басқарған. 2005 жылы 24 наурызда ол билікке қарсы «қызғалдақ төңкерісі» нәтижесінде биліктен қуылды.

Осыдан кейін Асқар Ақаев Қырғыз Республикасынан кетіп, содан бері Ресейде тұрып жатыр.