Астана әуежайы мен вокзалдары күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитін өткізу кезеңінде Астана әуежайы мен вокзалдары күшейтілген және тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті.
Тұрақты рейстердің ұшуы кесте бойынша жоспарланған.
Саммитті өткізу кезеңінде жұмысқа сала мамандары мен диспетчерлік құрам тартылды. Жүзден астам қызметкер резерв ретінде жұмылдырылып, елорда әкімдігімен бірлесіп шет тілдерін білетін еріктілер тартылып жатыр. Сондай-ақ Алматы және Қарағанды қалаларында қосымша әуежайлардың дайындығы көзделген, делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Шанхай ынтымақтастық ұйымын өткізу шеңберінде теміржол бекеттері штаттық режимде жұмыс істейді. Көлік министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда теміржол көлігі Астана-1 станциясынан 23 бағыт бойынша тәулігіне 11 мыңға жуық жолаушыны, ал «Нұрлы жол» теміржол вокзалы бойынша тәулігіне 8 мың жолаушыны 19 маршрут бойынша тасымалдауда. Вокзалдар кешенді қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған.