Қоғам

Қарағанды облысында жылы аялдаманың әйнегін сындырған тұрғын қамалды

Қарқаралы қаласында жылы аялдаманың әйнектерін қасақана сындырған 31 жастағы тұрғын полицияның бейнебақылау камералары арқылы анықталды.

Аялдама

Жаңа Ақын көшесіндегі жылы аялдаманың бүлінгені туралы қала әкімдігінен полицияға хабарлама түскен. Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеу нәтижесінде құқық бұзушылыққа қатысы бар азамат анықталып, полицияға жеткізілді.

Аталған факті бойынша құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз