10:40, 19 Сәуір 2024
Астана мектептерінде атыс болатыны жайлы жалған хабарлама тарады
Астана мектептерінде атыс болатыны жайлы хабардан кейін Астана полиция департаменті мәлімдеме жасады.
Бұған дейін Telegram каналда Астананың бірқатар мектебінде атыс болатыны жайлы хабарлама таралған.
«Полиция департаменті мессенджерлерде, соның ішінде Telegram-да қала мектептерінде терроризм қаупі туралы кең таралған жарияланым шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Білім беру ұйымдарын тиісті қызметтер тексеріп шықты» деп хабарлайды Астана ПД баспасөз қызметі.