Оқиғалар

Астана-Шымкент рейсіне мас күйде келген жолаушы ұшаққа жіберілмеді

Астанадан Шымкентке ұшпақ болған 36 жастағы әйел әуежайдан әрі аса алмады. Мас күйде тәртіп бұзған жолаушы рейстен түсіріліп, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Полиция

Көліктегі полицияның мәліметінше, әйел қоғамдық орында өзін агрессивті ұстап, былапыт сөздер айтып, тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбаған.

Осыған байланысты оған бірден үш әкімшілік хаттама толтырылды. Атап айтқанда, қоғамдық орында мас күйде жүргені, ұсақ бұзақылық жасағаны және полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Жиналған материалдар соттың қарауына жолданды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз