Астанада 16 жастағы қыз 9-қабаттан секірмек болды
Бүгін төтеншеліктерге Астанада Б.Майлин көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде 9-қабаттағы терезе алдында қыздың отырғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жедел жеткен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері пәтер есігін ашып, қызды қауіпсіз жерге шығарып, қайғылы жағдайдың алдын алды. Қосымша қауіпсіздік шарасы ретінде тұрғын үйдің алдына «өмір кубы» орнатылды.
Құтқарушылардың уақтылы әрі кәсіби іс-қимылдарының арқасында 2010 жылы туған жасөспірім құтқарылды.
Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері мән-жайды анықтау жұмыстарын жүргізуде.