Без Категории

Астанада биік кран құлады

3 тамызда Нұр-Сұлтанда биік кран BI Group компаниясы салып жатқан нысанға құлаған.

Астанада биік кран құлады

Бұл ақпаратты қалалық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"3 тамызда сағат 9.24-те Түркістан көшесіндегі жаңадан салынып жатқан "Сенсата парк" тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында жүкті көтеру кезінде 8-10 метр биіктіктен мұнаралық кран құлады. Кран көрші BI Group компаниясына тиесілі нысанға түсті. Ғимаратты "Sensata Construction" ЖШС салып жатыр. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ" деп хабарлады жексенбі күні төтенше жағдай департаменті.

Нұр-Сұлтанда биік кран алғаш рет құлап тұрған жоқ. 2018 жылы мамыр айында қалада қатты жел болып, үйлердің шатыры ұшқан. Сол кезде қаладағы құрылыс нысандардың бірінде кран құлаған.

Қарай отырыңыз: "Астана — құлаған крандар қаласы" (22 мамыр 2018 жыл).

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=""Астана — құлаған крандар қаласы"" data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> &amp;quot;Астана - құлаған крандар қаласы&amp;quot; please wait Embed Бөлісіңіз
"Астана — құлаған крандар қаласы"
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly />
width /> px height /> px
The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/29243148.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:01:16 0:00 Жүктеп алу <p />
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз