16:14, 10 Шілде 2024
Астанада бір пәтерге 937 адам тіркеген тұрғын сотталды
Астанада 1 бөлмелі пәтерде 937 адам тіркелген. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.
Ведомства көші-қон заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру шеңберінде жалпы ауданы 35,7 шаршы метр бір бөлмелі пәтерде 937 адам тіркелгенін анықтады.
«Мемлекеттік айыптаушы — прокурор тұрғын үй-жайды беру арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастырған сотталғанның кінәсін дәлелдеді.
Сот үкімімен «резеңке» пәтердің иесі ҚК-нің 394 — бабының 1 — бөлігі бойынша сотталды», — делінген хабарламада.
Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.