Қоғам

Астанада эколог әрі белсенді Лаура Мәлікова ұсталды – БАҚ

Астанада эколог әрі азаматтық белсенді Лаура Маликова ұсталып, арнайы қабылдау орнына жеткізілген. Бұл туралы Hronika.kz оның әріптестеріне сілтеме жасап хабарлады.

Лаура Маликова

Экологтар мен экоактивистер қауымдастығы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы мен Бас прокурорға үндеу жолдаған.

Ұжымдық өтініште Маликованың әкімшілік жауапкершілікке тартылуына митингке қатысуға жария түрде шақырғаны себеп болуы мүмкін екені айтылған. Белсендінің әрекеті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы 7-бөлігі бойынша сараланған деген болжам бар.

Экологтар әкімшілік іс бойынша сот отырысы өткен-өтпегенін, қамауға алу туралы қаулы шыққан-шықпағанын және белсендіні ұстаудың құқықтық негізі мен мерзімі қандай екенін білмейтіндерін жеткізді. Олар прокурорлық тексеру жүргізіп, Маликованың ұсталу және қамауда болу жағдайына құқықтық баға беруді сұраған.

Өткен демалыс күндері белсендінің әріптестері онымен байланысуға тырысқанымен, хабарласа алмаған. Арнайы қабылдау орнындағы кезекші оның шынымен сол жерде екенін және 12 қарашаға дейін ұсталатынын растаған. Бұл туралы заңгерлік консалтинг компаниясының басшысы Абай Еркебалан мәлімдеді.

Оның айтуынша, Лаура Маликова қоғамдағы өзекті мәселелерді, соның ішінде мемлекеттік басқарудағы олқылықтарды жиі көтеріп жүрген. Еркебалан белсендінің барлық пікірімен келіспейтінін айтқанымен, оның қоғамдық мәселелерге назар аударуын атап өтті.

Маликова бұған дейін ұзақ уақыт бойы экологиялық проблемаларды көтеріп келген. Кейін әлеуметтік желілерде азаматтарды митингке шығуға және банктердегі депозиттерін алуға шақырған. Ал келтірілген дерек бойынша, қазақстандықтардың депозит көлемі қазір 51 триллион теңгеден асқан.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз