Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ай сайын қанша жалақы алатынын айтты
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ай сайын 1,2 миллион теңге жалақы алатынын мәлімдеді.
Сондай-ақ ол тұрғын үйі мен коммуналдық қызметтерге жұмсайтын шығындарын атады.
Министрдің айтуынша, ол Астанадағы "Хайвилл" тұрғын үй кешенінде тұрады. Коммуналдық қызметтер үшін ай сайын 73–75 мың теңге төлейді.
Бұл сомаға интернет ақысы мен автотұрақты жалға алу құны кірмейді. Ақкенженовтің сөзінше, ол автотұрақтан бір орын жалдайды.
Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.