Тоқаев Азия ойындарында аяқ киімінің кесірінен алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаеваны "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапаттады.
Спортшы Азия ойындары мен Азия пара ойындарының марапатталған қатысушыларының қатарына енді.
Еске салайық, 27 қыркүйекте Жапонияда өткен Азия ойындарында Тоқсанбаева спорттық жүрістен 42,195 шақырымдық марафонды бірінші болып аяқтаған еді. Ол қашықтықты 3 сағат 22 минут 20 секундта жүріп өтті.
Алайда кейін World Athletics ұйымының талаптарына сәйкес келмейтін аяқ киім кигені үшін спортшының нәтижесі есепке алынбады. Осылайша, ол жеңіп алған алтын медальдан айырылды.