Астанада Есіл өзенінен 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды
8 қарашада Астанада Айтматов көшесіндегі көпірдің астынан, Kolsai тұрғын үй кешенінің маңынан Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды.
Полиция мәліметінше, марқұм 56 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Алдын ала тексеру кезінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, ер адамның өліміне қатысты барлық мән-жай анықталып жатыр.
Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.