Қоғам

Ақын Надежда Лушникова өмірден өтті

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын әрі айтыскер Надежда Лушникова 86 жасында өмірден өтті.

Надежда Лушникова

Оның өмірден өткенін Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі хабарлады.

Надежда Лушникова өлең жазумен қатар, суырыпсалма өнерімен де танылған. 1963 жылы Қызылордада өткен облыстық айтысқа қатысып, жүлдегер атанған. Сол сайыста Шымкенттен келген ақын Қалдыбек Әліқұловпен сөз қағыстырған сәті режиссер Т. Дүйсебаевтың "Айтыс" фильмінде сақталған.

Надежда Лушникованың алғашқы өлеңдері 1958 жылы Қызылорда облыстық "Ленин жолы" газетінде жарық көрген.

Кейін ақынның "Елім менің" (1962) және "Көңіл хошы" (1970) атты жыр жинақтары басылып шықты.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз