Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш күнде қар мен жаңбыр жауады
"Қазгидромет" 10–12 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте ел аумағының басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады.
Жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде жауын-шашын күшейеді. Сондай-ақ көктайғақ болуы мүмкін. Тек елдің батысында 11–12 қараша күндері жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Күндіз ауа температурасы батыста +3…+12, солтүстік-батыста 0…+8, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде -3…+5 градус болады. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы +2…+10 градус аралығында сақталады.