Оқиғалар

Астанада ер адам футбол алаңында 11 жастағы баланы соққыға жыққан

Астанада футбол алаңында ересек ер адам 11 жастағы баланың басынан бірнеше рет ұрған.

Ойын алаңы

Қазір баланың анасы тергеудің созылып кеткеніне шағымданып, әділдік талап етіп отыр.

Әйелдің айтуынша, оқиғадан кейін ұлы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер баланың самай тұсындағы көгеруді және желкесіндегі ісікті тіркеді. Сондай-ақ баланың басы айналып, жүрегі айныған.

Баланың анасы сот-медициналық сараптаманың ұзақ уақыт тағайындалмағанын айтып, істің әділ тергелуіне күмән келтірді.

Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. Оқиғаға қатысы бар ер адам полицияға жеткізілген. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз