Оқиғалар

Павлодар облысында есірткілік масаң күйде трактор басқарған жүргізуші ұсталды

Ақсуда есірткілік масаң күйде трактор басқарған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Патрульдік полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол жүрісі қағидаларын бұзудың жолын кесу және құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Кезекті рейд барысында қала орталығында полицейлер құжаттарды тексеру үшін тракторды тоқтатқан.

Тексеру кезінде жүргізушінің мінез-құлқы күдік тудырған. Медициналық куәландыру нәтижесінде оның есірткілік масаң күйде болғаны анықталды. Жүргізушіге қатысты материалдар рәсімделіп, тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Ал трактор арнайы тұраққа қойылды.

– Патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық және рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізеді. Жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын сақтауға және масаң күйде көлік құралын басқармауға шақырамыз, – деді Ақсу қаласы полиция бөлімінің патрульдік полиция взводының командирі Рүстем Байғабұлов.

Полиция масаң күйде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертеді.


Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз