Оқиғалар

Астанада ХҚКО қызметкерлері шетелдіктерге ЖСН-ді заңсыз берген

Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті мемлекеттік ақпараттық жүйелерді заңсыз пайдалану арқылы шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) рәсімдеу фактілерін анықтады.

ЦОН

Тергеу мәліметінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ЖСН алу үшін шетелдік азамат Қазақстан аумағында жеке өзі болып, міндетті биометриялық сәйкестендіруден өтуі тиіс. Алайда 2024–2025 жылдары өтініш берушілердің елге келуінсіз-ақ құжат рәсімдеуге мүмкіндік берген заңсыз схема жұмыс істеген.

Аталған жүйе әлеуметтік желілер арқылы ұйымдастырылған. Онда Қазақстанға келмей-ақ ЖСН алуға ниетті шетел азаматтары іздестіріліп, қызмет ұсынылған.

ҚМА дерегінше, заңсыз әрекетке «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Астана қаласындағы филиалының бірқатар қызметкерлері қатысқан. Олар халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесіне жалған мәліметтер енгізіп, шетелдіктердің атынан жалған өтінімдер рәсімдеген.

Тергеу барысында заңсыз сыйақылар делдалдар арқылы банк аударымдары түрінде беріліп, кейін қатысушылар арасында бөлінгені анықталды.Қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа жолданған.

Тергеудің өзге мәліметтері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Тегтер: Астана ХҚКО ЖСН
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз