Қоғам

Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды

Астана қаласындағы тұңғыш президент атындағы ұлттық қорғаныс университеті алдында орнатылған Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Назарбаев ескерткіш

 

Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінің аумағынан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылы 80 жылдығына орай салтанатты түрде ашылған ескерткіші алып тасталды. Бұл туралы ақпарат БАҚ беттерінде пайда болды.

Ескерткіш қаңтардың 11-інен 12-іне қараған түні алынып тасталған. Оны университеттің кезекші офицері де растаған. Бірақ ол ескерткіштің қашан алынып тасталғанын нақты айта алмаған.

Бұған дейін әлеуметтік желіде қар басқан Назарбаев ескерткішінің қоймада жатқаны бейнеленген сурет тараған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз