Астанада танымал фитнес-блогер Айтым Жақыпов жол ережелерін өрескел бұзғаны жауапқа тартылды
Астанада танымал фитнес-блогер Айтым Жақыпов жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Әлеуметтік желілерде тараған видеода Mercedes көлігінің жүргізушісі жол жиегімен жүріп, қарсы бағытқа шығып, жол белгілерінің талабын елемей, бұрылыс шамын қоспай бірнеше рет жолақ ауыстырғаны көрінеді.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын жедел анықтады. Ол 34 жастағы фитнес-блогер Айтым Жақыпов болып шықты.
Полиция мәліметінше, блогерге жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Өз кезегінде Айтым Жақыпов кінәсін мойындады. Оның айтуынша, сол күні қатты асыққан. Сондай-ақ ол әрекеті үшін кешірім сұрады.