Қоғам

Астанада тұрғын үйдің кәріз жүйесінен шала туған сәбидің денесі табылды

Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің ортақ кәріз жүйесінен шамамен алты айлық болып туылған сәбидің денесі табылды.

полиция

Оқиға туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде тарады. Жарияланым авторының айтуынша, тұрғын үй маңындағы қонақүйлердің біріне келген әйел бөлмеде босанып, нәрестені кәріз жүйесіне тастаған болуы мүмкін. Алайда бұл мәліметтер әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Астана қаласының Полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

Полицияның мәліметінше, қылмыстық іс аясында қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп, бірқатар сот сараптамалары тағайындалған. Сонымен қатар құқық қорғау органдары бұл қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар тұлғаның жеке басын анықтаған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз