Қоғам

Астанадағы «Атырау» көпірінде селфи жасамақ болған ер адам өзенге құлап кеткен

Астанада Есіл өзенінің акваториясын патрульдеу кезінде Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы 1997 жылы туған ер адамды судан аман алып шықты.

ТЖМ

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам мас күйде «Атырау» көпірінде селфи жасамақ болған сәтте аяғы тайып кетіп, өзенге құлаған.

Оқиға орнына жақын маңда болған серуендеу теплоходының экипажы алғашқылардың бірі болып көмекке келген. Олар суға құлаған азаматқа құтқару шеңберін лақтырып, оны жағалауға жақындатқан.

Кейін оқиға орнына жеткен ТЖМ құтқарушылары ер адамды құтқару қайығына шығарып, жедел-құтқару жасағының базасына жеткізді.

Базада ол жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адамның жағдайы қалыпты.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз