Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:50, 06 Маусым 2024

Астанаға Путин келеді

Путин
Фото: РИА Новости / Алексей Никольский

Владимир Путин Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасында ешқандай қиындық жоқ екенін айтты. 

Бұл туралы ол Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында өткен халықаралық ақпарат агенттіктерінің басшыларымен кездесуінде мәлімдеді, деп жазады Kazinform агенттігі.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы, Президент Тоқаевпен үнемі байланыстамыз. Бізде өте мейірімді, сенімді, достық қарым-қатынас қалыптасты.

Шынымды айтсам, біздің қарым-қатынасты қандай да бір жолмен қиындатқан ойды көріп тұрған жоқпын. Қытаймен ынтымақтастық туралы айттық, бізде тауар айналымының 90%-ы ұлттық валюталарға тиесілі. Біздің Қазақстанмен қарым-қатынаста да солай болып жатыр. Ол 100%-ға таяп қалды.

Яғни, бізде барлық вектор бойынша өте нәтижелі бірлескен жұмыс жүріп жатыр. Соның ішінде барлық бағыттар бойынша біздің өзара іс-қимылды қолдайтын Президент Тоқаевтың арқасында. Жақында Астанаға барамыз, ШЫҰ саммиті және басқа да іс-шаралар болады. Менің шақыртуым бар, әрине, мен оны қолданамын», - деп түйіндеді Ресей басшысы.