Без Категории

Атауы жоқ көше болмайды

Шымкентқаласында мәдениет, тілдерді дамыту жәнеархивтер саласын дамыту мақсатында 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасыәзірленді.

Атауы жоқ көше болмайды

Онда2022 жылға дейін қаланың құрамдас бөліктері мен атауы жоқ  және қайталанатын көшелерге толығымен жаңаатау беру жоспарланып отыр.

Жобаны іске асыру барысында қаланың мәдениетімен өнерін шетелдерге таныстыру үшін басқа өңір мекемелерімен ынтымақтастықмеморандумдарын түзу қолға алынған. Бұл тұрғыда 2021 жылы «Түркі әлемініңҰлттық Дельфий ойындары» өткізіледі деп күтілуде.

Мәдениет,тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мамандарының айтуынша, тұжырымдаманыңіске асуы нәтижесінде тұрғындардың мәдени іс-шараларға қатысуы 30%-ға артып,музейлер саны үшке, концерттік ұйымдар саны екіге, мәдениет сарайларының саны12-ге дейін артады.

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандардың қолжетімділігі қамтамасыз етілген мәдениет нысандарының үлесі мен тұрғындардыңмәдениет инфрақұрылымдарына қолжетімділігін 100 пайызға жеткізу жоспарланыпотыр.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз