Live

Атырау облысында ер адам пойыз астына түсіп қаза тапты

Атырау облысының Исатай ауданында пойыз қағып кеткен ер адамның өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды.

теміржол

Оқиға 13 тамызға қараған түні Аққыстау ауылында болған.

Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, Атырау станциясындағы көліктегі полиция бөлімі теміржол көлігінің қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Тегтер: темір жол
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз