Live

Атырауда Binom оқушысына жасалған шабуыл ісі сотқа жолданды

Атырау облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Binom School мектебінің оқушысына жасалған шабуылға қатысты қылмыстық іс келіп түсті.

БИНОМ

Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл іс бойынша айыпталушылар орындығына 9-сыныптың 15 жастағы оқушысы отырмақ. Тергеу оған Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 3-бөлігі бойынша, яғни бұзақылық ниетпен кәмелетке толмаған баланы өлтіруге оқталды деген айып таққан. Бұл – Қылмыстық кодексте қарастырылған ең ауыр айыптардың бірі.

Істі судья Зарема Хамидуллина қарайды.

Сот талқылауы барысында көп томнан тұратын қылмыстық іс материалдары зерттеліп, жәбірленуші тарап, куәлар мен сарапшылардан жауап алынуы күтіледі.

Еске салайық, аталған оқиға Атыраудағы Binom мектептерінің бірінде болып, қоғамда кеңінен талқыланған еді. Тергеу аяқталғаннан кейін іс материалдары мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

Тегтер: БИНОМ
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз