Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:01, 20 Қазан 2023

Атырауда төленбеген 36 айыппұлы бар жүргізуші анықталды

1
Фото: из открытых источников

Автокөлік айып тұрағына қойылды

"Құқықтық тәртіп" іс-шарасы: төленбеген 36 айыппұлы бар автокөлік айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды Zhasalash.kz atyrautv.kz-ке сілтеме жасап.

18 қазан күні Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері борышкер ретінде тұрған Ваз 2110 автокөлігін анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген. Автокөлік уақытылы тоқтатылып, тексеру кезінде 40 жастағы жүргізушінің 793 мың 500 теңгені құрайтын 36 айыппұлы бар екені анықталды.

Қазіргі таңда автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Осы ретте, атыраулық полицейлер жол ережесін қатаң сақтап, айыппұлдарды мерзімінен кешіктірмей өтеу керегін ескертеді.