Аймақ

Атырау облысында жол апатынан бір әйел қаза тапты

Атырау облысында жол апатынан бір әйел қаза болып, 11 адам ауруханаға жеткізілді.

Атырау облысында жол апатынан бір әйел қаза тапты

«13 қаңтарда күндіз "Құлсары — Ақкиізтоғай" тас жолында ЖКО орын алып, бір адам қайтыс болды, бірнеше адам жарақат алған»,- делінген хабарламада.

Ақкиізтоғай ауылына 5 шақырым қалғанда «Киа» көлігінің жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, қарсы жолдағы «Лада Приора» көлігіне соқтығысқан.

«Салдарынан «Лада Приорадағы» 53 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында қаза тауып, екі көліктегі 11 адам Жылыой аудандық ауруханаға жеткізілді (жарақат алғандардың ішінде 5 жасар қыз бала бар)»- делінген хабарламада. 

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз