Аймақ

Атырауда белгілі журналистің көлігін өртеп жіберген күдікті ұсталды

Атырау облысында белгілі журналистің көлігін өртеп жіберді делінген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Атырауда белгілі журналистің көлігін өртеп жіберген күдікті ұсталды

«Облыстық криминалдық полиция қызметкерлері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні анықтап, ұстады», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Атырауда белгілі журналист Виктор Сутягинге тиесілі Lexus RX-300 көлігі өртеніп кеткені хабарланған болатын. Оқиға 11 мамырға қараған түні болған және бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз