Без Категории

Атырауда драма театр өртеніп жатыр

Атыраудағы Махамбет Өтемісұлы атындағы Қазақ драма театрының ғимараты өртеніп жатыр.

Атырауда драма театр өртеніп жатыр

Бұл туралы 22 тамызда ІІМ төтенше жағдай комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Өрт шыққаны жайлы хабар 101 нөмеріне жергілікті уақыт бойынша 14.30-да түскен.

Комитеттің ақпараты бойынша, өрт электр сымдарынан шығып, театрдың шатырына жайылған. Қазір театр аумағы қоршауға алынған. Жергілікті әкімдік өртті 9 техника, 50 өрт сөндіруші сөндіріп жатқанын хабарлады.

Атыраудағы театр – Қазақстандағы ескі өнер ордаларының бірі. Ол 1938 жылы 5 наурызда «Мұнайшы» клубының жанынан ашылған. Жергілікті «Мой город» сайтының жазуынша, театрға күрделі жөндеу жасалып, биыл мамырда қайта ашылған.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз