«Аяз Ата» аттан түспей тұр
«Қыс қаһарын соңына сақтайды» дегендей, қаңтар ортасынан ауғанда Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы ауа райының жағдайы күрделене түсті. -35- градустан 60 градусқа дейінгі аумақта қазір қарға адым шығудың (әсіресе, көлікпен) қаупі жоғары.
Қазақы ұғыммен айтқанда, жанынан безгендер болмаса, жол тұрмақ, жай адамдардың көшеге шығуы көзден бұл-бұл ұшып тұр.
Алдымен Абай және Шығыс Қазақстан обыстарының қайсын алып қарасақ та, алаңдаулы назар бірден қос облыстағы білім беру нысандарына түседі. Өткен аптаның 15,16 қаңтарында жарияланған «ауа райының қолайсыздығына байланысты онлайн форматқа көшу» 19 қаңтарда да жағасты.
ШҚО Білім беру басқармасының ақпараты бойынша 2026 жылғы 19 қаңтарда сыртқы ауа температурасының төмендеуіне байланысты Өскемен, Риддер қалалары, Алтай, Марқакөл, Самар, Зайсан, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха аудандарының барлық мектептерінде бірінші ауысымның 0-11 сынып аралығында сабақтары қашықтықтан оқыту форматына көшірілген.
Ал Абай облысының Семей қаласының мектептерінде 2026 жылғы 19 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз) 1- ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтық форматқа ауыстырылады. Семей қаласындағы мектептерінде мұндай жағдай өткен аптаның соңында да орнаған болатын.
Мұндай кезде жолға шығудың, діттеген жерге аман жетудің бейнеті онсыз да белгілі. Қос облыстың барлық аудандары, жерілікті атқарушы билігі үшін «Аяз Атаның» жолға шықпағаны маңызды болып тұр.
Сәтжан Қасымжанұлы