Аяз, бұрқасын: 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Бүгін республиканың басым бөлігіне суық солтүстік-батыс антициклоны әсер етіп, онымен аязды, негізінен жауын-шашынсыз күн райы күтіледі.
Оңтүстік пен шығыста атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр, қар, көктайғақ болжанады. Шығыс өңірлерде онымен қоса, бұрқасын болады.
Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.
Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.