Азат ой: Ұлт ұғымының геокеңісітігі
Тілдегі түсініктердің мағыналық қабаты әр тілде әрқандай. Ондай мысалды аудармашылар мыңдап келтірген болар еді.
Ұлттық мүдде, ұлттық тұтастық, ұлт болып ұйысу, ұлттық мәселе деген тіркестер біздегі БАҚ-та жиі қозғалады. Ал осы ұлт ұғымы әлемдік геокеңістікте қалай қарастырылады? Бүгінгі «Азат ой» осы жөнінде болмақ. Микрофонды мәдениеттану ғылымының докторы, антрополог, ағылшын тілінің маманы, Тұран университетінің доценті Жұлдыз ЖҰМАШОВАҒА ұсынғанбыз.