Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:08, 31 Қаңтар 2024

Азаттық радиосы сыртқы істер министрлігін сотқа берді

Азаттық радиосы
Фото: из открытых источников

30 қаңтарда Азат Еуропа/Азаттық радиосының Қазақстан өкілдігі Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотына арыз түсірді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Шағымда басылым Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің Азаттық тілшілеріне аккредитация бермеуін және оны ұзартпауын заңсыз деп танып, күшін жоюды сұраған. Азаттық радиосы арызды СІМ жауап келгеннен кейін түсірген.

Еске салайық, 26 қаңтарда медиақауымдастық өкілдерінің қатысуымен онлайн-брифинг өтті. Брифингте елімізде қабылданғалы жатқан «Масс-медиа» туралы заңға толықтырулар енгізу талқыланды. Мәжіліс депутаттары – Никита Шаталов пен Анас Баққожаев аккредитация алмаған шетелдік БАҚ өкілдеріне елімізде жұмыс істеуге тыйым салуды ұсынған. Кездейсоқтық па, әлде шынымен осы оқиғаға тұспа-тұс келді ме, қаңтар басында сыртқы істер министрлігі Азаттық радиосының 36 журналисіне аккредитация бермейтінін хабарлаған.