16:15, 06 Желтоқсан 2024
Азия чемпионатында қазақстандық боксшы ширек финалда жеңіліп қалды
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 63,5 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасты.
Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы бір қазақстандық боксшы жеңіліп қалды.
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 63,5 келіге дейінгі салмақта таиландтық Сомчай Вонгсуанға қарсы ширек финалда қолғап түйістірді. Нәтижесінде таиландтық спортшы 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін тағы бір боксшымыз – Сәкен Бибосынов Өзбекстанның жас өкілі Асилбек Жалиловтан 2-3 есебімен жеңіліп қалған болатын..
Ал әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатының 1/4 финалында тәжікстандық Мехрон Шафиевті жеңді. Осылайша, ол кем дегенде Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленеді.