БАҚ Ақтаудағы әкімдік ғимаратының алдында өзін өртеген адамның көз жұмғанын хабарлады
Ақтауда облыстық әкімдік ғимаратының жанында өзін өртеп жіберген ер адам қайтыс болды.
Бұл туралы аймақтық Lada.kz порталы ақпараттың ресми расталмағанын жазды.
Портал журналистері зардап шеккен ер адамның қайтыс болғаны туралы 18 желтоқсанда білгенімен, 24 сағат ішінде ресми органдардан ақпаратты растайтын немесе жоққа шығаратын түсініктеме ала алмағанын хабарлады.
Айта кетейік, 5 желтоқсанда Ақтауда облыстық әкімдік ғимаратының жанында ер адам өзін өртеп жіберген болатын. Бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берген облыс әкімдігі ер адамның мемлекеттік мекемеге келіп, әкіммен кездесуді талап еткенін айтты. Әкіммен кездесе алмағасын ол өзін өртеп жіберген.
Кейінірек, ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев әлеуметтік желіде жарақат алған ер адам туралы толық мәлімет алғанын хабарлады.
Ер адам Samruk Buissnes академиясында OKK компаниясының Тоқмақ тұщыту зауытының құрылыс жобасында жұмыс істеген. Келісім-шарт аяқталғаннан кейін, бұрынғы қызметкер көптеген несиесі бар екеніне шағымданып, оны OKC штатына қабылдауды талап еткен. Облыс әкімдігі оған «ҚЖСА», «Каспий» тұщыту зауытына жұмысқа орналасуды ұсынғанған. Ер адам ұсынылған бос орынға наразы болған. ОКЖ-ге жұмысқа орналасу мәселесін шешу үшін облыс әкімімен кездесуді талап етткен. Әйтпесе өзін өртеп жіберемін деп қорқытқан», - деді Азамат Сәрсенбаев.
Сол күні кейінірек ер адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды, бірақ ол расталмады. Аурухана зардап шегушінің ауыр халде жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.