Бақытжан Базарбек көлігімен қағып кеткен ер адам есін жиды
Бұған дейін экс-депутат Бақытжан Базарбек көлігімен қағып кеткен Нұржігіт Қошанов есін жиды. Оның жағдайы қазір жақсарған.
Бақытжан Базарбек әлеуметтік желіде Нұржігіттің Тараз қаласындағы көпбейінді аурухана дәрігерлерімен бірге түскен суретін жариялады. Ол медицина қызметкерлеріне зардап шеккен азаматтың өмірін сақтап, ем көрсеткені үшін алғыс білдірді.
Бақытжан Базарбектің айтуынша, Нұржігітті әлі де оңалту кезеңі күтіп тұр. Жол апатынан ол аяғын сындырып алған.
Қазір оның денсаулығы дәрігерлердің бақылауында.