Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:00, 19 Желтоқсан 2024

Бала құқығы және болашақ?

1

Бүгін Астанада Сарыарқа ауданында «Заң және Балалар: Қатесіз Болашақ» атты спектакльдер байқауының финалы өтті.

 Аталмыш шара елордадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда болды.

Шара барысында Сарыарқа ауданындағы дарынды оқушылар өздерінің қабілетін көрсетті. Байқауға ауданның 27 мектебі қатысқан. Финалда суырылып шыққан 5 үздік команда 10-15 минутқа созылған қойылымдарды сахналады. Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларды өнер-білімге баулу ғана емес, балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Заңға деген құрметті қалыптастыру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту. Финалда 27 командадан тұратын 5 үздік команда 10-15 минутқа созылатын бірегей қойылымдарын ұсынады. Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметті қалыптастыру және олардың шығармашылық әлеуетін дамыту.

Финалда өнер көрсеткен балалар бас жүлдеден бөлек, «Үздік актриса», «Үздік актер», «Үздік сценарий», «Заң тақырыбына жарқын көзқарас», «Үздік көмекші рөл», «Көрермендер сыйлығы», «Құқықтық тақырыптағы үздік комедиялық қойылым», «Жасөспірімдер қылмысы мәселесін терең ашқаны үшін», «Үздік костюм», «Актерлік шеберлігі үшін» деген номинациялармен марапатталды.

Шараны ұйымдастырушы Сарыарқа ауданы әкімдігінің аппараты, Ұйымдастырушылар: «Біз барлық ниет білдірушілерді жас таланттардың өнерін тамашалауға және олардың шығармашылық талпыныстарын қолдауға шақырамыз. Бұл өнер мерекесі ғана емес, сонымен қатар балалар арасындағы құқықтық мәдениетті нығайтудағы маңызды қадам. Балалардың құқықтары – жарқын болашақтың кепілі», – дейді.

Сондай-ақ бұл іс-шараға аудан әкімдігінен бөлек, Сарыарқа ауданының прокуратурасы, Астана қаласының Білім және мәдениет басқармалары қолдау көрсетті. Байқауға 6-8 қараша аралығында қатысуға өтінімдер қабылданды. Ал 25 қарашаға дейін 10-15 минуттық қойылымдардың бейнежазбалары жиналды. Іріктеу онлайн режимінде жүргізілді. Қазылар алқасының құрамына елордалық театрлардың, полицияның, прокуратураның және аудан әкімі аппаратының қызметкерлері кірді.

Шараға қазылық еткен өнер майталмандарының айтуынша, мұндай шаралар жасөспірімдердің болашағын қауіпсіз етуге ықпал етеді. Балалар жастайынан заңды біліп, қоғамда өзін-өзі қалай ұстауды, өзін-өзі қорғауды біледі. Сондықтан осы секілді іс-шаралар ақпараттық даму заманында балаларға өте қажет.

Қойылымдар байқауының қорытындысы бойынша өнерімен көпшілікті тәнті еткен №58 мектеп оқушылары бас жүлдені жеңіп алып, бірінші орынды иеленді. Жоғары дайындықтары мен шығармашылық шеберліктерін көрсеткен №67 мектеп командасы жүлделі екінші орынға лайық деп танылды. Ал үшінші орынды №2 мектептің оқушылары иеленіп, өздерінің таланты мен еңбегінің нәтижесін көрсетті.

Қ.САЙЛАУ

Астана

Тегтер: