Қоғам

Балқаш көлінің жағасында көлік айдаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Бұған дейін ІІМ хабарлағандай, азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрбір дерекке міндетті түрде құқықтық баға беріледі.

Балқаш

Полиция қызметкерлері Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Балқаш көлінің тура жағалауында және судың ішінде адамдар, жас балалар шомылып жүрген кезде Mercedes-Benz автокөлігін жүргізіп, қауіп төндірген 40 жастағы жүргізушіні анықтады. Ол өз әрекетімен айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.

Құқық бұзушы Тараз қаласының тұрғыны Нұрлан Исаев болып шықты. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. ️ 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз