Қоғам

Балқаштық зейнеткер балаларын жалғыз өзі асырап отырған қызынан алимент өндіріп алмақ болған

Қарағанды облысының Балқаш қаласында ерекше сот ісі қаралды. Зейнеткер өз қызынан алимент өндіріп алуды талап етіп, сотқа жүгінген.

Сот

Талапкер ай сайын 10 АЕК көлемінде, яғни шамамен 43 мың теңге төлеуді сұраған. Оның айтуынша, бұл қаражат күнделікті тұрмыс пен дәрі-дәрмекке қажет болған.

Алайда сот барысында ер адамның материалдық жағдайы қиын емес екені анықталды. Ол ай сайын 128 мың теңге зейнетақы алады, екі қабатты үй мен Mitsubishi Montero Sport автокөлігінің иесі. Сонымен қатар оған ұлы да қаржылай көмек көрсетіп тұрады.

Қызы талап арызбен келіспейтінін мәлімдеді. Оның сөзінше, өзі екі баланы жалғыз тәрбиелеп отыр, балалардың әкесінен алимент алмайды және сатушының көмекшісі болып жұмыс істейді. Айлық табысы – 85 мың теңге. Сондай-ақ ол әкесінің денсаулығына байланысты күрделі мәселелер жоқ екенін, дәрігерлер тек дәрумендер тағайындағанын айтты.

Істі қараған сот талапкердің мұқтаж екенін дәлелдейтін жеткілікті айғақтар ұсынылмаған деген қорытындыға келді. Сондай-ақ тұрақты күтім мен қымбат ем-дом қажет екені де расталмаған.

Нәтижесінде сот зейнеткердің қызынан алимент өндіру туралы талабын қанағаттандырмады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз