Банк шоттарынан қолма-қол ақша алу ережелеріне өзгерістер енгізілді
Елімізде банк шоттарынан қолма-қол ақша алуға байланысты бірқатар өзгерістер енгізілді.
Банк шоттарынан қолма-қол ақшаны алу енді екінші деңгейдегі банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан басқа, ҚР резидент емес банктерінің филиалдарына берілген кәсіпкерлердің өтінімдері негізінде жүзеге асырылады. Өзгеріс Қаржы министрлігінің бұйрығы, Ұлттық банк пен АРРФР бірлескен қаулыларының негізінде 23.10.2023 қолданысқа енгізіледі.
Сондай-ақ күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан 10 000 000 теңгеден астам сомаға қолма-қол ақша алу сомаларының мөлшері туралы мәліметтер нысаны жаңартылды.
Банк Мемлекеттік кіріс органына кәсіпкер ақша алуға өтінім берген күннен кейінгі жұмыс күнінің Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден кешіктірмей банктік шоттан қолма-қол ақша алу мақсатын растайтын құжаттарды жібереді.