Бақыт Нұрмұханов Конституциялық сот төрағасының орынбасары қызметіне қайта тағайындалды
Бақыт Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық соты төрағасының орынбасары қызметіне қайта тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьясы Бақыт Маратұлы Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық соты төрағасының орынбасары болып тағайындалды», – делінген хабарламада.
Бақыт Нұрмұханов 2023 жылғы қаңтардан бері Конституциялық соттың судьясы әрі сот төрағасының орынбасары қызметін атқарып келеді. Оған дейін, 2017 жылғы тамыздан бастап Конституциялық кеңес аппаратының басшысы болған. Ақорданың бұған дейінгі ресми құжаттарында да Нұрмұханов Конституциялық сот төрағасының орынбасары ретінде көрсетілген.