Экономика

Бақыт Сұлтанов пен Ербол Қарашөкеев Президенттен сөгіс алды

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі министрге сөгіс жариялады, деп хабарлайды «Жас Алаш».

Бақыт Сұлтанов пен Ербол Қарашөкеев Президенттен сөгіс алды

«Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаймын. Еліміз дүкендерінде болып жатқан жағдайды қараңыздар, өте ұят», — деді Тоқаев Үкімет отырысында.

Президент атап өткендей, Үкімет бағаны тұрақтандыру бойынша дұрыс жұмыс істеп жатқан жоқ. Азық-түліктің кейбір түрі бірден 80 пайызға қымбаттағанына тағы тоқтала келе, Мемлекет басшысы тіпті, жекелеген тағам түрлерінің дүкен сөрелерінен жоғалып кеткенін сынға алды.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз