Әлеумет

Башқұртстандағы «Газпром» мұнай өңдеу зауытына дрондар шабуыл жасады

Ресейдің Башқұртстан республикасында орналасқан «Газпромнефтехим Салават» мұнай өңдеу зауыты дрон шабуылына ұшырады.

Башқұртстан

Оқиға Салават қаласында болған. Куәгерлердің айтуынша, кәсіпорін аумағында бірнеше жарылыс естілген. Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда зауыт үстіне қою қара түтін көтерілгені көрінеді.

«Газпромнефтехим Салават» – Ресейдегі ең ірі мұнай-химия кешендерінің бірі. БАҚ мәліметінше, кәсіпорын 2024 жылы 7,2 млн тонна мұнай өңдеп, бұл Ресейдегі жалпы мұнай өңдеу көлемінің шамамен 2,7%-ын құраған.

Зауыт Украина бақылауындағы аумаққа ең жақын шекарадан шамамен 1400 шақырым қашықтықта орналасқан.

Бұл кәсіпорын бұған дейін де дрон шабуылына ұшыраған. 2025 жылдың қыркүйегінде Салаваттағы мұнай өңдеу зауытына екі рет шабуыл жасалып, алғашқы өңдеу қондырғысында өрт шыққаны хабарланған еді. Сол кезде Башқұртстан басшысы Радий Хабиров зауыттың штаттық режимде жұмысын жалғастырғанын мәлімдеген.

Әзірге соңғы шабуылдан келген шығын көлемі, зардап шеккендер немесе кәсіпорын жұмысына әсері туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз