Әлеумет

Борышкерлерге баспанадан шығарудан 10 күн бұрын міндетті хабарлама жіберу тәртібін енгізу ұсынылды

Мәжіліс бірінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады. Депутаттар бастамашы болған заң жобасында атқарушылық іс жүргізуде азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейту көзделген.

Хабарлама

Құжат бойынша, борышкерді баспанадан шығарудан 10 күнтізбелік күн бұрын міндетті түрде хабардар ету тәртібі енгізіледі. Бұл шара азаматтарға дайындалуға және басқа баспана табуға мүмкіндік береді.

Баламен қарым-қатынас тәртібіне қатысты атқарушылық құжаттар бойынша борышкерлерді бірыңғай тізілімге енгізуге жол берілмейді. Сонымен қатар бітімгерлік келісім жасасу үшін атқарушылық іс жүргізуді бір айға дейін тоқтата тұру мүмкіндігі көзделіп отыр.

Егер атқарушылық құжатты ұсыну мерзімі өткен болса, барлық мәжбүрлеп орындау шараларының күшін жою туралы норма енгізіледі.

Бұдан бөлек, атқарушылық құжатты соңғы орындаған және іс жүргізуді тоқтатқан сот орындаушысына басқа сот орындаушылары салған барлық тыйым салулардың күшін жою құқығы беріледі.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз